457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан семсершілері Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Құрама сапында Қайша Жәнібек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина өнер көрсетті.

Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыз қылыштасудан командалық сайыста қола жүлдеге ие болды. Құрама сапында Қайша Жәнібек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина өнер көрсетті. Олар Азия чемпионатының жартылай финалына дейін жетті.

Бұл кезеңде қазақстандықтар Өзбекстан құрамасына 37:45 есебімен жол беріп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қытай чемпион атанды. Өзбекстан екінші орынға ие болды. Жапония құрамасы да Қазақстан секілді турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Фото: ҰОК