457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан семсерлесушілері жекелей сындағы жарысты аяқтады

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені семсерлесуші Кирилл Проходов көрсетті.

Семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жекелей сындардағы жарысын аяқтады, деп жазады malimsports.kz
Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені семсерлесуші Кирилл Проходов көрсетті. Ол жарыстың 1/8 финалына дейін жетіп, қорытынды есепте 16-орынға тұрақтады. Руслан Курбанов 18-орынға ие болса, Ерлік Сертай 41-орыннан, Вадим Шарлаимов 50-орыннан көрінді.
Әйелдер арасындағы шпага сайысында Ирина Бакалдина 41-орынға тұрақтады. София Николайчук 49-шы, Владислава Андреева 71-ші, ал Дарья Самоделкина 114-ші орын алды.
Ерлер арасындағы рапира сайысында Тимофей Семенов 75-орынға ие болды. Ғалым Нұрымов 109-шы, Тамирлан Калиев 126-шы орынға жайғасты. Әйелдер арасындағы рапира бәсекесінде София Актаева 49-нәтиже көрсетсе, Алена Гноева 105-ші, Алина Искандерова 119-шы орын алды.
Сабля бәсекесінде сынға түскен қазақстандықтар да жүлдеге іліге алмады. Әйгерім Сарыбай 53-орынға, Карина Доспай 57-орынға, Анастасия Гулик 61-орынға, Қайша Жәнібек 77-орынға тұрақтады. Артем Саркисян 51-орынға ие болса, Қуаныш Ерғашбай 53-ші, Анзарбай Саттархан 56-шы, Нұрмұхаммед Жайлыбай 79-шы орыннан көрінді.
Айта кетейік, ертең, 28 шілдеде, әлем чемпионатында командалық жарыстар басталады.

Фото: ҰОК