457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан семсерлесушілері Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Турнир барысында Қазақстан құрамасы Иранды (45:33) және Өзбекстанды (45:43) жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы семсерлесуден Азия чемпионатында командалық жарыстар басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл сында Қазақстанның сабля (семсер) құрамасы континенттік біріншілікте кезекті медалін жеңіп алып, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.

Турнир барысында Қазақстан құрамасы Иранды (45:33) және Өзбекстанды (45:43) жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда жартылай финалда қазақстандық спортшылар Олимпиада чемпионы саналатын Оңтүстік Корея құрамасына (34:45) есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты қола медальмен аяқтады. Жүлдегерлер қатарында Артем Саркисян, Жанат Набиев, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттархан бар.

Айта кетейік, бұған дейін осы Азия чемпионатында қылыштасудан (шпага) қазақстандық спортшы Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов осы дисциплинада қола жүлдегер атанған болатын.

Фото: ҰОК