Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын тарихи алтынмен аяқтады
Қазақстан құрамасы Гонконгта өткен 2026 жылғы семсерлесуден әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің соңғы жарыс күнінде әйелдер арасындағы рапира және ерлер арасындағы саблядан командалық сайыстар өтті. София Актаева, Алина Искандерова және Алена Гноевадан құралған әйелдер құрамасы алғашқы кездесуінде Ресей командасына 16:45 есебімен есе жіберді.
Ерлер арасындағы сабля сайысында Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттарханнан құралған Қазақстан құрамасы Испанияға 37:45 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір алтын медальмен қорытындылады. Тарихи жүлдені ерлер арасындағы командалық шпага сайысында Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.
Финалда қазақстандық шпагашылар Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Фото: FIE
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған