457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан садақшылары әлем чемпионатында алтыншы орынға тұрақтады

Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыз блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан қола медаль жеңіп алды.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі