Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков «Барыстан» кетті
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков «Барыс» клубынан кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб ресми түрде әлеуметтік желілерде Волковпен келісімшарттың тараптардың өзара келісімімен бұзылғанын мәлімдеді деп жазды Қазақпарат.
Бұған дейін БАҚ өкілдері хоккейшінің командадан кетуін оның негізгі құрамда тұрақты ойыншы ретінде орныға алмауымен және «Номад» фарм-клубындағы шектеулі рөлімен байланыстырған болатын.
Еске салайық, бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен «Нефтехимик» командалары кездеседі.
Фото: "Барыс" ХК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған