Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 93 медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 150 қаралым
Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 93 медаль жеңіп алды

Бахрейн астанасы Манамада өткен 2025 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 93 медаль иеленді. Оның 24-і – алтын, 29-ы – күміс, 40-ы – қола.

Ең көп жүлде дзюдошылардың еншісінде – 14 медаль (4 алтын, 5 күміс, 5 қола).

Ауыр атлеттер үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Боксшылар алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті – 5 алтын, 3 күміс, 2 қола.

Сонымен қатар жеңіл атлетика мен джиу-джитсу спортшылары да 10 медальдан жеңіп алды:

– жеңіл атлетика: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола;

– джиу-джитсу: 1 алтын, 5 күміс, 4 қола.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы ММА, жолдағы велоспорт және таеквондо бойынша екі-екі алтын, сондай-ақ жүзу, муай-тай, күрес және жағажай волейболы спорт түрлерінде бір-бір алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, биылғы жарысқа Азияның қос мықтысы – Жапония мен Оңтүстік Корея құрамалары қатысқан жоқ.

 

 

Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар