457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы таеквондодан командалық Әлем кубогында бақ сынайды

Командалық Әлем кубогы 14–16 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтеді.

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы да ел намысын қорғап, әлемнің үздік командаларымен күш сынасады, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы халықаралық турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Ерлер құрамасында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Әнуар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетеді.

Ал әйелдер құрамасы сапында Камила Аймұқашева, Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева және Нұрай Қазынабек Қазақстанның намысын қорғайды.

Командалық Әлем кубогы әлемнің жетекші таеквондо құрамаларын жинайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі саналады. Турнир барысында спортшылар командалық форматта өзара бақ сынап, елдер арасындағы үздіктер анықталады.

Қазақстандық таеквондошылар үшін бұл дода халықаралық тәжірибені арттырып қана қоймай, алдағы ірі жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі болмақ. Ұлттық құрама әлемдік деңгейдегі қарсыластармен кездесіп, өз шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, таеквондодан командалық Әлем кубогы 14-16 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтеді.

Фото: ҰОК