457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы таеквондодан әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен WT командалық әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемнің ең үздік он құрамасы қатысқан турнирде қазақстандық таеквондошылар финалға дейін сенімді жетіп, шешуші кездесуде Қытай құрамасымен күш сынасты. Алтын медаль үшін өткен финалда қытайлық спортшылар 2:0 есебімен басым түссе, Қазақстан құрамасы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Максат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар турнир барысында ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Ресей құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, WT командалық әлем кубогында әлемнің ең мықты он құрамасы бақ сынап, жарысқа барлығы 80 спортшы қатысты.

 

Фото: СДД