457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын бастады

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары синхронды секіру бағдарламасында сынға түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үш метрлік тұғырдан синхронды секіру сайысында Илларион Авченко мен Эмиль Касимов өнер көрсетіп, 218,16 ұпаймен 11-орынға тұрақтады.

Бұл бағдарламада Канада құрамасы 281,82 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 272,46 ұпаймен Ресей құрамасына бұйырса, Германия құрамасы 266,43 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, 22 тамызда қазақстандық спортшылар үш метрлік тұғырдан жекелей сайыста ел намысын қорғайды.

 

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған