Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Осы жарыста отандастарымыз үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәліметінше, ситтен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.
Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр. Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатының жүлдегері атанған болатын.
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған