457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Словениядағы Әлемдік шақыру кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Сонымен қатар, Нариман Құрбанов пен Роман Маменов та турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Әлемдік шақыру кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Зейнолла Ыдырысов көрсетті. Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуларда сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Нариман Құрбанов пен Роман Маменов та турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуларда жетінші орынға тұрақтаса, Роман Маменов тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында өтеді. Құрлықтық додада қазақстандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізуге талпынатын болады.

Фото: ҰОК