Қазақстан құрамасы семсерлесуден Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған ірі халықаралық турнирде ел намысын бес спортшы қорғайды. Құрамға Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Әбжал, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан енді.
Әлем кубогы кезеңі 6-7 наурыз аралығында өтеді.
Бұған дейін Джакартада (Индонезия) семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатыда Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алған еді. Айбар Қайым қылыштасудан үшінші орын алса, қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғаған болатын.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған