457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Енді Әзірбайжан Қазақстанмен ойнайтын болды.

Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері басталды.

 Турнирдің фавориттері – Үндістанды жеңген Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.

Ойын өте тартысты өтті. Алдымен қазақстандық шахматшылар 3: 1 есебімен сенімді түрде алға шықты. Бірақ Үндістан шахматшылары таңқаларлық табандылық танытып, көп ұзамай есепті теңестірді. Жеңімпаз тай-брейкте анықталды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Меруерт Камалиденова (2343 эло) блицтегі ең маңызды жеңістердің біріне қол жеткізіп, командасының жартылай финалға шығуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде ширек финалдың нәтижелері бойынша КӘЧ-2025 медальдарын өзара сарапқа салатын командалардың тізімі жасалды: Қытай Ресейге қарсы (fide) және Әзірбайжан Қазақстанмен ойнайтын болды.

Әлемдік чемпионаттың жартылай финалы 22 қарашада өтеді, ал бір күннен кейін чемпион атағы сарапқа салынады.

Павел Коцурдың шәкірттері Әзірбайжан командасын топтық кезеңде 2,5:1,5 есебімен жеңгенін еске сала кетелік.

Айта кетсек, Перу астанасы Лимада шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид) тоғыз турдың нәижесі бойынша 19 жастағы отандасымыз Ксения Балабаева 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Фото: ашық дерекккөз