Қазақстан құрамасы шаңғы акробатикасынан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Қазақстанның фристайл-акробатикадан ұлттық құрамасы Қытайдың Чжанцзякоу қаласында өткен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына кірді, деп хабарлайды malimsports.kz. Nur.kz-тің жазуынша, жарыс бағдарламасы аралас командалық турнирмен қорытындыланған. Медаль үшін он ұлттық құрама өзара бақ сынады.
Қазақстан құрамасы сапында Ардана Маханова, Роман Иванов және Асылхан Асан өнер көрсетті. Үш спортшының жиынтық нәтижесі 227,68 ұпайды құрап, командаға 10-орын алуға мүмкіндік берді.
Жарыста алтын және күміс жүлделерді Қытай құрамасы жеңіп алса, қола медаль АҚШ спортшыларына бұйырды. Сондай-ақ турнирге Аустралия, Украина, Швейцария және Канада құрамалары қатысты.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңдері 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу сипатында өтеді. Спортшылар Олимпиада жолдамасына қажетті рейтингтік ұпайлар үшін де күресіп жатыр.
Шаңғы акробатикасынан Әлем кубогының келесі кезеңі 6–7 қаңтар күндері Канадада өтеді.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған