457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы пара каноэден Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады

Түркістан қаласында алғаш рет өткен пара каноэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 12 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 7 күміс және 4 қола жүлде бар, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлттық құрама сапынан Жаңыл Балтабаева VL3 класында 500 метр қашықтықта чемпион атанып, ел қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Сонымен қатар ол 200 метрлік сайыста күміс жүлдеге ие болды. Күміс жүлдегерлер қатарында Маржан Билялова, Бейбарыс Спатай, Максим Богатырёв және Мейіржан Армия да бар.

Қола жүлделерді Бейбарыс Спатай, Жалғас Тайкенов және Маржан Билялова иеленді. Жалпы алғанда, Қазақстан атынан 11 пара спортшы байдарка (KL) және каноэ (VL) бағдарламаларында бақ сынады.

Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Асхат Қалиақпаровтың айтуынша, енді команда алдағы маңызды халықаралық жарыстарға дайындалады. Атап айтқанда, тамыз айында Польшада өтетін рейтингтік әлем чемпионаты мен қазан айындағы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия Пара ойындары негізгі мақсаттардың қатарында.

Айта кетейік, 4-7 маусым аралығында өткен құрлықтық додаға Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Үндістан, Корея Республикасы, Иран, Ирак және Таиландтан шамамен 100 спортшы қатысты.

 

Фото: Шамкен Байырбек