Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы голболдан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Қазақстан құрамасы голболдан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды

V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голболдан жасөспірімдер құрамасы тарихи жетістік жасап, алғаш рет жарыстың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарысқа Қазақстанмен қатар Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд және Сауд Арабиясының командалары қатысты. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті.

Бастапқы кезеңде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға 9:10, Иранға 3:5 есебімен жеңілді. Алайда кейін команда ойынды түзеп, тактикалық тұрғыда жинақталып, кездесулерді өз пайдасына шешті. Сауд Арабиясын 12:7, Таиландты 11:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жартылай финалда Қазақстан Иран командасын 7:5 есебімен жеңсе, финалда Оңтүстік Кореяны 9:6 есебімен жеңіп, алтын медальге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бірінші, Оңтүстік Корея екінші, Иран үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтті. Байрақты бәсекеге 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен сынға түсіп, барлығы 68 медаль (25 алтын, 23 күміс, 20 қола) жеңіп алды.

 

 

Фото: Голбол федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар