457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы гимнастикадан Әлем кубогын бір медальмен аяқтады

Түркияның Анталья қаласында өткен Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Халықаралық турнирде ел намысын Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Әмина Халимарден қорғады.

Финалға екі спортшы ғана өтті. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс медаль жеңіп алды. Ал Роман Маменов қол тіреп секіру жаттығуында финалда жетінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңін бір күміс медальмен қорытындылады.

 

Фото: Getty Images