Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп жазады malimsports.kz.
Батуттағы секіру бойынша ұлттық құрама ерлер арасындағы жарыста бақ сынайды.
Жарыс жолына Данил Мусабаев, Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов шығады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 21-22 ақпан күндері өтеді.
Бұған дейін Батуттағы гимнастикадан Испанияның Памплона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сынның алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Данил Мусабаев болған еді. Ол 59.080 ұпай жинап, 32-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, ол екінші кезеңге өте алған жоқ. Қазақстандық үшінші қосалқы спортшы ретінде тіркелді.
Фото: ҰОК
Ең көп оқылған