457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы бадминтоннан Уганда турнирінде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт медаль жеңіп алды.

Угандада бадминтоннан жасөспірімдер арасында Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт медаль жеңіп алды.

Қыздар арасындағы жұптық сында Диана Наменова мен Алиса Кулешова ел қоржынына алтын медальді салды.

Диана Наменова жекелей сында да күміс жүлдегер атанды. Ал Арнұр Тәпішев пен Мұстафа Мәлікжанов ерлер арасындағы жұптық бәсекеде екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша құрамамыз бір қола медаль еншіледі. Аралас жұптық сында Алиса Кулешова мен Тимур Бурханов үшінші орынға ие болды.

Фото: ҰОК