457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Азия кубогындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

В тобы аясындағы екінші кездесуінде Асқар Шалқыбеков баптайтын ұлттық құрама Индонезия волейболшыларымен күш сынасты

Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне жетті.

В тобы аясындағы екінші кездесуінде Асқар Шалқыбеков баптайтын ұлттық құрама Индонезия волейболшыларымен күш сынасты. Бұл ойында қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік бермей, матчты үш сетте сенімді түрде аяқтады – 3:0 (25:19, 25:19, 25:19).

Кешегі ойынға қатысқан волейболшылармен қатар бүгінгі кездесуде Жанна Сыроежкина мен Айгүл Мүлкібаева да алаңға шықты. Қазақстандық спортшылар барлық үш партияда бірдей есеппен жеңіске жетіп, өз басымдығын айқын көрсетті.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 6 ұпай бар. Қазіргі уақытта біздің команда Вьетнам құрамасымен бірге В тобының көшін бастап тұр.

Топтық кезеңдегі келесі матчтарда қазақстандық волейболшылар Иранмен (8 маусым), Ливанмен (11 маусым) және Вьетнаммен кездеседі. Бұл ойындар топтағы қорытынды орындарды анықтауда шешуші рөл атқармақ.

Турнир регламентіне сәйкес әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады. Кейін олар финалға шығатын және қола медаль үшін таласатын құрамаларды анықтайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия кубогына эксперименттік құраммен қатысып жатыр. Бапкерлер штабы ел чемпионатынан кейін негізгі ойыншыларға демалыс беріп, жас әрі тәжірибесі аз волейболшыларға халықаралық аренада өз мүмкіндігін көрсетуге жағдай жасаған.

Фото: instagram/@volleyfederationkz