457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына сегіз спортшымен қатысады

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Құрлық біріншілігінде ел намысын сегіз велошабандоз қорғайды. Қазақстан құрамасының қатарына Денис Сергиенко, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Константин Казаков, Ілияс Рахимов, Татьяна Генелева, Алина Спирина және Юлия Ли енді.

Азия чемпионаты 23-27 маусым аралығында өтеді. Турнирге құрлықтың үздік спортшылары қатысып, чемпиондық атақ пен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Қазақстандық спортшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар үшін таласуға ниетті.

 

Фото: ҰОК