457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамаларының халықаралық кешенді жарыстарға дайындық барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың төрағалығымен XX жазғы Азия ойындарына, V жазғы Параазия ойындарына және Жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

XX жазғы Азия ойындарына дайындық аясында ұлттық құрамалардың құрамын жасақтау, спорт делегациясын аккредиттеу, іссапарды ұйымдастыру, ашылу және жабылу салтанаттарында Ту ұстаушыларды бекіту, медициналық қамтамасыз ету және спортшыларды орналастыру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр Серік Жарасбаев жауапты құрылымдарға барлық ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. Қазақстан құрамаларының халықаралық кешенді жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуын қамтамасыз ету басым міндет ретінде айқындалды.

 

Фото: ҚР ТСМ