457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен WADA туралы меморандумға қол қойды

Меморандум еліміздің таза спорт қағидаттарына берік екенін растайды, сондай-ақ Мемлекет басшысының халықаралық ынтымақтастықты дамыту және допингке қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Біздің белсенді ынтымақтастығымыз өткен жылы Астанада Мемлекет басшысының жылы қабылдауынан бастау алды деп есептеймін. Допингке қарсы зерттеулердің дамуына көрсеткен қолдауы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұлғасында Қазақстанға алғысымды білдіремін. Бұл келісім Қазақстанның өңірде таза спортты дамытудағы жетекші рөлінің нығайып келе жатқанын көрсетеді», — деді WADA президенті Витольд Банька.

Сонымен қатар тараптар 2027 жылы Астанада WADA-ның Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады.

Ербол Мырзабосынов Қазақстанның адал бәсекелестік қағидаттарын ұдайы ұстанатынын және допингке қарсы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.

«WADA-мен ынтымақтастық біз үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда таза спорт мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық стандарттарды нығайтуға және әлемдік озық тәжірибелерді енгізуге басымдық беріледі. Еліміз допингтің алдын алу және білім беру бағытындағы бағдарламаларды қолдап, оларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді», — деді министр.

Кездесу аясында салалық білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселесі де ерекше назарға алынды. Қазақ ұлттық спорт университеті мамандар даярлау мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы ретінде қарастырылып, Қазақстанның Орталық Азиядағы допингке қарсы саясаттағы көшбасшылығын нығайтатын білім беру хабы ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

 

 

 

Фото: ТСМ