Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысуда. Республикалық турнир 15–21 қыркүйек аралығында өтеді. 15–16 қыркүйек күндері рапира бойынша жүлделер сарапқа салынса, алдағы күндері семсер және қылыштасу қаруларынан чемпиондар белгілі болады.
Ерлер арасындағы сайыста үздік семсершілер анықталды:
Кирилл Павлов (ШҚО) – 1-орын
Вадим Шарлаимов (ШҚО) – 2-орын
Нариман Уәлихан (ШҚО) және Никита Жулинский (Шымкент) – 3-орын
Фото: ҰОК