Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан көркем жүзуден командалық сында Азия чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 271 қаралым
Қазақстан көркем жүзуден командалық сында Азия чемпионы атанды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен құрлық біріншілігінде біздің арулар командалық сында алтын медаль иеленді.

Қазақстан сапында Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова және Валерия Столбунова өнер көрсетті.

Нәтижесінде:
1-орын – Қазақстан (221.9525 ұпай)
2-орын – Таиланд (210.5775)
3-орын – Өзбекстан (200.5183)

Бұл – Қазақстанның көркем жүзуден Азия чемпионатындағы төртінші алтын жүлдесі болып отыр. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар