Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындарын 56 медальмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 157 қаралым
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындарын 56 медальмен аяқтады

Қазақстан спортшылары Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын сәтті қорытындылады.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандастарымыз жалпы есепте 56 медаль жеңіп алды.

Оның ішінде:

15 алтын,

20 күміс,

21 қола.

Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға жайғасты.

Жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу спортшылары ел қоржынына үш медальдан салса, үстел теннисінен екі алтын медаль олжаланған. Бұдан бөлек дзюдо, муай-тай, семсерлесу және карате өкілдері бір-бір алтыннан иеленді.

Қазақстандық атлеттер командалық сында да көзге түсті. Әйелдер құрамасы гандболдан финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Медаль кестесінде Түркия көш бастады - 72 алтын, 44 күміс, 39 қола.
Екінші орынға Өзбекстан (29 алтын, 35 күміс, 32 қола),
үшінші орынға Иран (29 алтын, 19 күміс, 33 қола) тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл ойындарда 23 спорт түрінің 15-інде бақ сынаған 100-ден аса спортшымен қатысқан болатын.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар