Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатын бастады
Спорттық гимнастикадан Қытайдың Цзуньи қаласында әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ересектер арасындағы жарыста Қазақстан намысын Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова қорғайды.
Жасөспірімдер санатында Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова тіркелген.
Бүгін іріктеу кезеңіндегі жарыстар басталды. Оның қорытындысы бойынша, Азия чемпионатының финалында медальдар үшін күресті жалғастыратын спортшылар анықталады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған