Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан гимнастары Каирдегі Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Сабина Асқарқызы 87 қаралым
Қазақстан гимнастары Каирдегі Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Каир қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мысыр астанасында ел намысын Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Ілияс Әзізов, Асан Салимов және Алтынхан Темірбек қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 3-6 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өткен кезеңде қазақстандық гимнастар бір медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар