457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан гимнасшылары әлем кубогының кезеңінде жүлде алды

Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке еніп отыр.

Мысыр астанасы Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының 4-кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді.
1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.566
Ертең қазақстандықтар финалдық кезеңдерде медаль үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Салимов тіреніп секіруде өнер көрсетсе, Ілияс Азизов кермедегі жаттығуда бақ сынайды.
Айта кетейік, Каирдегі Әлем кубогы кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысып жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы