457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан гандболшылары халықаралық турнирде топ жарды

Гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық гандболшылар топтық кезеңде бес матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ұлттық құрама Польша құрамасын – 29:14, Бельгияны – 28:21, Оңтүстік Африка Республикасын – 27:11, Италияны – 24:11 және Ливияны – 20:17 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы алаң иелері – Италиямен қайта кездесіп, 23:13 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Финалда қазақстандықтар Ливия құрамасымен ойнап, 28:23 есебімен басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы жарысты жеңіліссіз аяқтап, Interamnia World Cup 2026 турнирінің чемпионы атанды.

 

Фото: ҰОК