Қазақстан футзал құрамасына Каканың кетуі қаншалықты әсер еткені белгілі болды
«Семей» клубының ойыншысы Арнольд Кнауб Қазақстан құрамасындағы бапкер Какамен жұмыстың аяқталуына қатысты өз эмоциясымен бөлісіп, бразилиялық маманның кетуі ұлттық команда үшін үлкен соққы болғанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Каканың кетуі құрамаға қаншалықты әсер етеді деген сауалға Кнауб қынжыла отырып жауап берген.
"Иә, үлкен жоғалту. Әсіресе мен үшін. Одан жақсы маман табу - өте қиын. Қазақстан футзалы үшін ол жасағандай еңбек еткен ешкім болған жоқ. Ең алдымен, ондай адаммен жақсы қоштасу керек — жай ғана жіберіп қоюға болмайды. Қатынасты сақтап, болашақта да белгілі бір мәселелер бойынша байланыста болған жөн, - деді Кнауб.
Кака 2018 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан құрамасын басқарды. Алайда, 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде команда финалдық кезеңге шыға алмай, соңғы он жылда алғаш рет ірі турнирден тыс қалды.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған