Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжан командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойындар 13 және 15 сәуірде Ақтау қаласында өтеді.
Сонымен қатар, әйелдер футзал құрамасы Евро-2027 іріктеу кезеңінің екінші матчын Норвегияның Тронхейм қаласында өткізген болатын.
Айта кетейік, Қазақстан футзал құрамасы қазіргі уақытта УЕФА рейтингісінде төртінші орында тұр.
Фото: ҚФФ