Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан ескекшілері Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 34 қаралым
Қазақстан ескекшілері Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында Екатерина Носкова мен Мария Чернец қола медаль иеленді.

Қазақстандық спортшылар А финалында қашықтықты 7 минут 21,91 секундта бағындырып, үздік үштікке енді.

Жарыстың жеңімпазы Жапония құрамасы болды. Чика Йонэзава мен Чиаки Томита мәреге 7:14.74 нәтижесімен бірінші жетті. Күміс медаль Перу өкілдері Алессия Паласиос пен Валерия Паласиосқа (7:18.51) бұйырды.

Қазақстандық ескекшілер мәреге төртінші келген Гонконг құрамасынан шамамен тоғыз секундқа озып, жүлделі орынға ие болды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Артём Матусевич жекелей сында А финалында өнер көрсетіп, жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Люцерндегі әлем кубогы 28 маусымда аяқталады. Биылғы жарысқа 42 елден 650-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бес ескекші қорғауда.

 

Фото: СДД

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар