Қытайдың Гонконг қаласында байдарка және каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үш күнге созылған марафондық жарыста Қазақстан құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Татьяна Токарницкая (байдарка):
• 3400 м – 1-орын
• 20 км – 1-орын
• 500 м – 1-орын
• 200 м – 1-орын
Тимофей Емельянов (каноэ):
• 3400 м – 2-орын
• 16 км 800 м – 1-орын
• 500 м – 3-орын
• 200 м – 3-орын
Азия біріншілігіне сары құрлықтың 13 елінен 250-ге жуық спортшы қатысса, Қазақстан құрамасынан екі ескек есуші бақ сынады.
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті