Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары Исламиадада ел намысын қорғайды

Сабина Асқарқызы 205 қаралым
Қазақстан дзюдошылары Исламиадада ел намысын қорғайды

7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарында (Исламиада) Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған ресми тізімде көрсетілген.

Құрама сапы төмендегідей:

Ерлер:

60 кг: Шерзод Давлатов (Түркістан облысы)

66 кг: Ержан Еренқайыпов (Астана)

81 кг: Мәди Амангелді (Астана)

90 кг: Айдар Арапов (Түркістан облысы)

100 кг: Бақжан Байтас (Жетісу облысы)

Әйелдер:

48 кг: Диана Бүркеева (Жетісу облысы)

52 кг: Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)

57 кг: Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

63 кг: Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)

78 кг: Аруна Жангелдина (Ақтөбе облысы)

+78 кг: Назгүл Маратова (Солтүстік Қазақстан облысы)

Айта кетейік, Исламиада - әлемнің мұсылман елдері қатысатын ірі халықаралық спорттық бәсеке. Қазақстан спортшылары бұл жарыстан жүлдесіз қайтпауды көздеп отыр.

Фото: Prosports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар