Қазақстан дзюдошылары Абу-Даби Гранд Слэмінен жалғыз қоламен қайтты
Абу-Дабиде дзюдодан жатқан Гранд Слэм бәсекесінің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жаппай жеңілді, деп жазады malimsports.kz.
1bol.kz-тің жазуынша, 90 келіде Ермахан Әнуарбек бірінші белдесуінде әзірбайжандық Аслан Коцоевті жеңгенімен, 1/8 финалда сербиялық Ислам Согеновтен айласын асыра алмады.
-100 келіде Шархан Нұрлыхан алғашқы айналымда Сербия спортшысына жол берсе, Марат Байкамуров нидерландтық Симеон Катхаринаға жол берді. Ал аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев бірінші белдесуінде бахрейндік Азамат Чочаевтан осал болып шықты.
Айта кететін жайт, Абу-Даби Гранд Слэмінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана қола жүлдеге қол жеткізді. Қалған спортшылар іріктеу бәсекелерінде сүрініп, турнир жүлдесінен тыс қалды.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған