457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан «Болашақ ойындарын» өткізуге 5 млн доллар жұмсайтын болды

Жарысқа 50-ден астам елден 900-ден астам спортшы қатысады.

Биыл Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында халықаралық «Болашақ ойындары» турнирі өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 50-ден астам елден 900-ден астам спортшы қатысады.

Әлем назарын аударған бұл турнирдің жүлде қоры 4,75 миллион долларды құрайды. Жарыс Астанадағы бес негізгі спорт нысанында ұйымдастырылады:

«Барыс Арена»

Beeline Arena

Қазақстан жеңіл атлетика спорт кешені

«Алау» мұз сарайы

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы

Ұйымдастырушылардың болжамынша, турнирге 100 мыңнан астам көрермен жиналуы мүмкін.

«Болашақ ойындары» – фиджитал спорт пен киберспортты біріктіретін халықаралық турнир.

Фиджитал спорт – физикалық спорт пен цифрлық ойындарды біріктіретін жаңа форматтағы жарыс. Алдымен қатысушылар видеоойын форматында сайысқа түседі, кейін сол спорттың нақты физикалық нұсқасында бақ сынайды. Екі кезеңнің нәтижесі біріктіріліп, жеңімпаз анықталады.

Биылғы турнир бағдарламасына мына бағыттар кіреді:

фиджитал футбол

фиджитал баскетбол

фиджитал атқыш

фиджитал би

фиджитал күрес

Сонымен қатар киберспорт бағдарламасына көп ойыншы онлайн шайқас аренасы (MOBA) және әлемге танымал Battle Royale форматындағы ойындар енгізілген.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2025 жылы «Болашақ ойындары» Абу-Дабиде өткен. Турнир үлкен аудиторияны қамтып, 461 миллион қаралым жинаған.

Әлем бойынша жарысты 137 миллион көрермен тамашалаған. Ал әлеуметтік желілерде қосымша 388 миллион қаралым тіркелген.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары» алғаш рет 2024 жылы Ресейдің Қазан қаласында ұйымдастырылған.

Ал 2028, 2029 және 2030 жылдары турнирді өткізуге ниет білдірген қалалардан өтінім қабылдау басталды. Өтініштер 2026 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Фото: Pexels