Норвегияның Шушен қаласында өткен Ашық Еуропа чемпионатының соңғы күнінде эстафеталық жарыстар өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер арасында Норвегия жеңіске жетті, екінші орында Германия, үшінші орында Франция тұрды. Қазақстан құрамасы - Вадим Куралес, Александр Мухин, Никита Акимов, Кирилл Бауэр - 16-шы орын алды.
Қыздар жарысында алтын медальді Франция жеңіп алды, Германия екінші, Норвегия үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан қыздар құрамы - Арина Крюкова, Мария Польдяева, Кристина Титиевская, Лаура Киныбаева - 15-ші орын алды.
Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыстардағы нәтиже бойынша чемпионатты аяқтады.
Фото: olympic.kz