457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатын бастады

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының сапында Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина қатысып жатыр.

Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бірінші жарыс күні Қазақстан құрамасының өкілдері батутта секіруден аралас жұптық сында іріктеу кезеңіне қатысты.

Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағанбетов ел намысын қорғады.

Спортшылар 47.730 ұпай жинап, 23-орынға ие болды. Өкінішке қарай, іріктеуден өте алған жоқ.

Айта кететін жайт, 5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының сапында Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина қатысатыны бұған дейін мәлім болған еді. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі