457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қазақстан Барысында" күресетін ең ауыр балуан анықталды

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы - 2025» турнирінің басты фавориттерінің бірі Нұрдәулет Жарылғапов биылғы додадағы басты мақсатымен бөлісті.

Нұрдәулет Жарылғапов ең әуелі «Қазақстан барысы» турниріндегі даңқты жолын еске алды, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы - 2025» турнирінің басты фавориттерінің бірі Нұрдәулет Жарылғапов биылғы додадағы басты мақсатымен бөлісті.

«Қазақстан барысы» жобасына сегізінші рет қатысайын деп отырмын. Осыған дейін, 2 күміс және 1 мәрте қола жүлдені қанжығаладым. Осы жылы, бұйыртса алтын «Тайтұяққа» қол жеткізуді басты мақсат етіп келдім. Еңбек етіп, жақсы дайындық жасап келдім. Әрине, барлық балуанның арманы осы «Алтын тұяқ» екені даусыз. Ертең, барлығымыз сол жүлде жолында аянбаймыз, - деді спортшы.

Сондай-ақ, балуан не үшін лақап ат ретінде «Қара бура» таңдалғанын айтып берді.

«Қара бура» батыр туралы кішкентай кезімнен үлкен кісілерден көп естідім. Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жобасына қатысқан кезде, осы лақап атты ырымдап, арнайы таңдап алдым. Шүкір, осы лақап атты таңдағаныма өкінбеймін. Осы уақытқа дейін лайықты өнер көрсетіп, жақсы жетістіктерге жеттім. Қазіргі уақытта көп адам мені осы лақап атыммен таниды, - дейді Нұрдәулет.

Айта кетейік, спортшы Астана қаласындағы «Damu Mall» сауда орталығында өткен салмақ өлшеу рәсімінде таразыда 167 келі көрсетіп, турнирдің ең ауыр балуаны атанды. 

Фото: Қазақпарат