"Қазақстан барысына" қатысатын маңғыстаулық балуандар анықталды
Маңғыстауда «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтіп, бейнеулік қос балуан Нұрдәулет Жарылғапов пен Нұрсұлтан Папау республикалық турнирге жолдама алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан спортшылары «Қара бура» мен «Ер Бегей» финалда кездесіп, тартысты белдесуде «Қара бура» бірінші орынды иеленді.
Екі мәрте «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері атанған «Қара бураның» бұл жетістігі аудан спортының биік деңгейін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетейік, бұған дейін аудандық деңгейде өткен «Бейнеу барысы» іріктеу жарысында ауылдық округтерден 12 балуан бақ сынап, нәтижесінде Досжан Оралбаев мен Нұрсұлтан Папау облысқа жолдама алған болатын.
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған