Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 84 қаралым
Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны мәресіне жетті.

Жалпы 3 күнге созылған марафонда Қазақстан командасының спортшылары 5 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль иеленді. Олардың жүлделері: 

Татьяна Токарницкая (байдарка):
3400 м - 1-орын 
20 км - 1-орын 
500 м - 1-орын
200 м - 1-орын 

Тимофей Емельянов (каноэ):
3400 м - 2-орын 
16 км 800 м - 1-орын 
500 м - 3-орын 
200 м - 3-орын 

Гонконгқа Ұлттық құрама сапында екі ескек есу шебері аттанды. Барлығы биылғы марафонға сары құрлықтағы 13 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы жиналды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар