Фуджейрада (БАӘ) рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы ірі жарыста екі медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасында София Актаева күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер жарысында Тимофей Семёнов ел қоржынына қола медальді салды.
Бұған дейін Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болған еді.
Фото: ҰОК