Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті
Қазіргі таңда Будапештте (Мажарстан) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы техникалық бағдарлама бойынша жұптық сында өнер көрсетті. Нәтижесінде Даяна Джаманчалова мен Мақпал Қалмұрза 265,1108 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.
Ресей құрамасы 300,1509 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қытай құрамасы 289,7367 ұпаймен иеленді. Ал Испания 289,3125 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бүгін, 14 тамызда отандастарымыз жұптық және аралас жұптық сайыста еркін бағдарлама бойынша, сондай-ақ командалық бәсекеде еркін бағдарлама бойынша сынға түседі.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған