457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан қола жүлдеге таласады

Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасынан 14:4 есебімен жеңіліп қалды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шығуға бір қадам қалғанда сүрінді.

Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасынан 14:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қытай спортшылары кездесуді белсенді бастап, алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алды. Қазақстан құрамасы қорғаныста табандылық танытқанымен, тәжірибелі қарсыластардың шабуылына төтеп бере алмады.

Енді қазақстандық су добынан әйелдер құрамасы қола медаль үшін Таиландпен кездеседі. Тайланд командасы өз кезегінде жартылай финалда Жапония құрамасынан ұтылған болатын.

Бұл кездесу жарыстың соңғы күнінде өтеді және оның нәтижесіне қарай Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының үздік үштігіне енуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы да су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алған еді.

Фото: ҰОК