Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының жартылай финалында сынға түседі

Сабина Асқарқызы 228 қаралым
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының жартылай финалында сынға түседі

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен кездесті.

Кездесу 10:7 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алған болатын.

Ұлттық құрама ширек финалда Өзбекстаннан басым түсті. Кездесу 27:11 есебімен аяқталды. Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасымен кездеседі.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар