Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен әлемдік турдың жартылай финалына шықты
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алған. Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.
Айта кетейік, жартылай финал 18 қазан күні өтеді.
Бұған дейін 7-9 және 13-15 қарашасы аралығында елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңі өтетіні мәлім болды.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған