457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан әйелдер құрамасы нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Бәсеке барысында аруларымыз бірнеше дүркін әлем чемпионы Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Саген Маддалена, Токио Олимпиадасының кнміс жүлдегері Мэри Такер (АҚШ), әлем чемпионы Анна Янссен (Германия) артта қалдырды.

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан 54-ші әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz
Отандық спортта басым спорттың түріне кіретін нысана көздеуден 50 метр қашықтықта үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен ату сайысында Александра Ле, Арина Малиновская, Елизавета Безрукова бастаған әйелдер құрамасы алғаш рет дәл осы бағдарлама түрінде қола медальді жеңіп алды.
Бәсеке барысында аруларымыз бірнеше дүркін әлем чемпионы Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Саген Маддалена, Токио Олимпиадасының кнміс жүлдегері Мэри Такер (АҚШ), әлем чемпионы Анна Янссен (Германия) артта қалдырды.
Айта кетейік, 50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен ату сайысы Олимпиада бағдарламасына кіреді.

Аталған сында алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, күміс Швейцарияға, ал қола жүлде отандастарымызға бұйырып отыр. 

Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасының мүшесі Александра Ле Париж Олимпиадасында Ислам Сәтбаевпен бірге жұптық сында қола жүлде иеленген болатын. 
Фото: Спортты дамыту дирекциясы