Бүгін Испанияның Линарес қаласында әйелдер құрамалары арасындағы оныншы командалық шахмат әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнир 18–23 қараша аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы оған қатысып, өз намысын қорғайды. Команда 2023 жылы Польшадағы Быдгощ қаласында өткен әлем чемпионатында және 2024 жылғы шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған.
Ойындар екі кезеңде өтеді: бірінші кезеңде 12 команда A және B топтарына бөлінеді, әр топтан төрт үздік команда екінші кезеңге, яғни нокаут жүйесі бойынша жүлделі орындар үшін шығарылады.
Қазақстан құрамасы:
GM Бибісара Асаубаева (2513) – бірінші тақта;
WGM Ксения Балабаева (2360);
IM Меруерт Камалиденова (2343);
WIM Зарина Нұрғали (2310);
WGM Лия Құрманғалиева (2287);
WIM Елназ Қалиахмет (2274).
Команда капитаны – GM Павел Коцур (51 жас), жақында әйелдер мен қыздар арасындағы жарыстардағы үздік жаттықтырушы үшін ФИДЕ Vakhtang Karseladze Award марапатын алған.
Уақыт бақылауы: партияға 45 минут, әр жүрістен кейін 30 секунд қосылады. Турнир ФИДЕ тарапынан жылдам классика ретінде таныстырылған.
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті